Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928145?lang=kk
24 ақпан 2025 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Моңғолияның қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрі Салдангийн Одонтуяамен кездесуі өтті. Кездесуде экология, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі, жасанды орман, қалдықтарды басқару саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Министрлер климаттың өзгеруі мәселелері мен осы саладағы аймақтық ынтымақтастықты да талқылады. Е. Нысанбаев Қазақстан 2060 жылға дейін көміртек бейтараптылығы жетуді жоспарлап отырғанын, шығарындылар саудасын дамытып, ең үздік қолжетімді техникаларды енгізіп жатқанын мәлімдеді.
Е. Нысанбаев 2026 жылы өтетін БҰҰ-ның Аймақтық климаттық саммитіне қатысуға шақырды.
Тараптар жерді қалпына келтіру, шөлейттенуге қарсы күрес және көміртекті ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларға дайын екендіктерін білдірді. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Одонтуя ханымды ынтымақтастық танытқаны үшін алғыс айтып, одан әрі серіктестікке сенім білдірді.