Экология вице-министрі Ж. Әлиев азаматтарды жеке қабылдады

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/955217?lang=kk

Жұмыс кестесіне сәйкес ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев экологиялық заңнаманы сақтау мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Еліміздің әр өңірінен келген тұрғындар өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоя алды. Олар өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуге, ҚТҚ-ны басқару және сұрыптау бойынша заманауи инфрақұрылым құруға, жеке аумақта заңсыз құрылысқа және т.б. қатысты.

Ж. Әлиев тұрғындар тарапынан барлық өтініштерге толық жауап берді. Сонымен қатар, қарау үшін қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді.