2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындық бойынша Бірінші консультативтік кездесу

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/957091?lang=kk

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен Астанада Өңірлік климаттық саммит өткізу туралы бастама көтерді.

Осы тұрғыда ағымдағы жылдың 13 наурызында Қазақстандағы (Алматы қ.) БҰҰ ғимаратында алдағы Саммитке дайындықтың негізгі кезеңі болып табылатын Бірінші консультативтік кездесу өтті.

Жоғарыда аталған кездесу Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және Орталық Азия үшін климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Жобалау офис ұйымдастырды.

Іс-шараға 50-ден астам делегат, оның ішінде Орталық Азия елдерінің Экология, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары, Қаржы министрліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Анықтама: БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНЕСКО, ХКҰ, ЭЫДҰ, ЕҚЫҰ, ФАО, ГИЗ, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі және т. б.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Саммиттің дайындығына Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың белсенді және жан-жақты қатысуы қажеттігін атап өтті.

Консультация барысында делегаттар Ұлттық климаттық басымдықтарды ұсынды және Саммит бағдарламасының негізіне айналатын өңірдің бірыңғай климаттық күн тәртібін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізді. Қатысушылардың негізгі ұсыныстарының бірі Орталық Азия елдерінің климаттық бастамаларын қолдау үшін климаттық қаржыландыру тетігін құру болды.

Консультация қорытындысы бойынша Саммитке дайындық бойынша жұмысты үйлестірудің негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ірі халықаралық іс-шаралар шеңберінде алты өңірлік кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Биылғы жылы өңірдің климаттық сын-қатерлерін және оларды шешудің мүмкін жолдарын тереңірек түсінуге көмектесетін бірқатар зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

Бірінші консультативтік кездесу Орталық Азия елдері мен халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіретін үйлестірілген және тиімді өңірлік климаттық стратегиясын құру жолындағы маңызды қадам болды.