@TazaQazBot-қа қосылыңыз!

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/957548?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізудеБұл бағыттағы маңызды бастама Телеграм-чат-бот @TazaQazBot болдыол 2024 жылғы маусымнан бастап халықтан өтінімдерді қабылдау үшін ыңғайлы құралға айналды.  

@TazaQazBot қалай жұмыс істейді?

Чатботты пайдалану мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы.

Өтініш беру үшін сізге:  

– Чат-бот арқылы кіріңіз.  

– Проблемалық орынның суретін түсіріңіз.  

– Мекен-жайын және мәселенің сипаттамасын көрсетіңіз.

Кейін ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберіледіонда жауапты орындаушы тағайындаладыӨтінімнің орындалу мерзімі оның санатына байланысты автоматты түрде белгіленедіЖұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотоесепті тіркейді, ал азамат жұмысты бағалау мүмкіндігімен хабарлама алады.  

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін барлық өтінімдер абаттандыру мен экологияның негізгі мәселелерін қамтитын 21 санатқа бөлінген.  

Неліктен @TazaQazBot ыңғайлы?

 Пайдаланудың қарапайымдылығы – өтініш беру 1 минуттан аз уақытты алады.

️ Процестің ашықтығы– өтініш беруші өтініш мәртебесін бақылай алады.  

 ️ Кері байланыс – жұмыстарды орындағаннан кейін Орындаушыға баға қоюға болады.  

️ Жеделдігі– өтінімдер тікелей жауапты қызметтерге беріледі.  

Чатбот арқылы қандай мәселелерді шешуге болады? Өтінімдердің ең көп саны бағыттар бойынша келіп түседі:  

– Аумақтарды жинау – 4051 өтінім  

– Тұрмыстық қоқысты шығару – 1080 өтінім  

– Көшелерді тазалау және абаттандыру – 926 өтінім  

– Жол жөндеу – 656 өтінім  

Жұмыс нәтижелері @TazaQazBot

Іске қосылған сәттен бастап 14 354 өтінім келіптүстіоның ішінде:  

 13 139 орындалды

 159 орындауда

 1056 қабылданбады (критерийлерге сәйкескелмеу себебінен)

Шағымды қалай беруге болады?

Жұмыс сапасын бақылау үшін шағымдарды қабылдаудың қосымша желісі ашылды – tazaqaz@ecogeo.gov.kz өтінім қанағаттанарлықсыз орындалған жағдайда қайта жүгінуге болады.  

@TazaQazBot-бұл жай ғана қызмет емесәркім үшін нақты мүмкіндік өз қалаңызды таза, жайлы және қауіпсіз ету! Платформаны неғұрлым белсенді азаматтар пайдалансаЖергілікті деңгейде экологиялық мәселелер тезірек және тиімдірек шешілетін болады.  

Қазақстанды бірге таза етейік! @TazaQazBot-қа қосылыңыз!