Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/973341?lang=kk
2025 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қытайдың Hubei Wanrun New Energy Technology Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында компанияның төменкөміртекті даму және жасыл энергетика саласындағы қызметі таныстырылып, ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Hubei Wanrun New Energy Technology Co., Ltd. компаниясы Қазақстандағы декарбонизация және көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу шараларын жүзеге асыратын жобаларға инвестиция салуға дайын екенін білдірді. Тараптар жасыл энергетиканы дамыту шеңберінде серіктестік мүмкіндіктерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсатында инновациялық технологияларды пайдалануды талқылады.