Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/976484?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н.Нысанбаевтың төрағалығымен министрлік қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өткізілді.
Іс-шараға Комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағаларының баяндамалары тыңдалды.
Ағымдағы жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдағаннан кейін Министр жетекшілік ететін вице-министрлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды үйлестіруді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстарды күшейтуді, комитеттер мен аумақтық департаменттердің жеке құрамымен тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, Этикалық кодекстің шектеулері мен талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға баса назар аударылды.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері министрлік басшылығының тұрақты бақылауында.