Женевада экологияның маңызды мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/990547?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев осы күндері Женева қаласында өткен Базель конвенциясы тараптары конференциясының он жетінші сессиясы (BC COP-17), Роттердам конвенциясы тараптары конференциясының (RC COP-12) он екінші сессиясы және Стокгольм конвенциясы тараптары конференциясының (SC COP-12) он екінші сессиясы шеңберінде жоғары деңгейдегі сегментке қатысты.

Іс-шара аясында климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және қаржылық және техникалық қолдауды қоса алғанда, биоәртүрлілікті сақтау мәселелерін талқылау бойынша пленарлық сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтті.

Жоғары деңгейдегі сегментке қатысушылар шұғыл, үйлестірілген халықаралық іс-қимылдар қажеттігін атап өтіп, халықаралық және ұлттық деңгейлерде өршіл және өзекті құралдар ретінде БРС конвенцияларын нығайтуға шақырды.

Өнеркәсіпті тартуға, айналмалы экономикаға көшуге, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ әділ сауда, технологияларды беру және әлеуетті арттыру арқылы дамушы елдерді қолдауға ерекше назар аударылды. Талқылау барысында «нөлдік қалдықтар» стратегияларына да баса назар аударылды.