Елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/990673?lang=kk

Мемлекет басшысының елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көгалдандыру бойынша  өңірлік жоспарлары бекітілді.

2021-2025 ж. аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Жалпы, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін барлығы 14,3 млн. астам ағаш отырғызылды.

Елді мекендерді көгалдандыру үшін  биіктігі 1 метр немесе одан үлкен көшеттер қолданылады.

Көшеттердің жасы 2-4 ж.; биіктігі тұқымы мен өсу жағдайына байланысты 30 см-ден 2 метрге дейін.

-үлкендеу көшеттер көгалдандыруда, аумақтарды абаттандыруда, сыртқы бейнесі және сәнділігі маңызды бақтар мен саябақтарда қолданылады;

-жасыл желектерді құруды жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады;

-көшеттерді отырғызу елді мекеннің бас жоспарына сәйкес ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.