Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бойынша Комиссиясының Трансшекаралық өзендердің су сапасын бағалау және талдау, мониторингілеу бойынша Жұмыс тобының 12-ші отырысы және Жұмыс тобы сарапшыларының 8-ші Бірлескен семинары 2025 жылғы 27-29 мамыр аралығында Қытай Халық Республикасының Алтай округінде өтуде.
Тараптар Қара Ертіс, Іле, Текес, Емел және Қорғас трансшекаралық өзендерінің су сапасына ай сайын мониторинг жүргізді, сондай-ақ осы бақылау нәтижелерімен алмасу жүргізілуде.
Отырыс барысында 2024 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша салыстырмалы есептер және жоғарыда аталған өзендердің жер үсті су сапасының көпжылдық ақпараты ұсынылып, талқылануда.
Отырыс қорытындылары бойынша Хаттамаға қол қою күтілуде. Бұл қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуын және нығайюын көрсетеді.