Мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын реттеуге арналған нормативтік базаны әзірлеу бойынша халықаралық әріптестерімен техникалық семинар

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/986820?lang=ru

2025 жылғы 2–3 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі халықаралық әріптестердің қолдауымен мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын бақылау және азайту бойынша нормативтік талаптарды әзірлеуге арналған техникалық семинар өткізуде.

Іс-шараға Clean Air Task Force (Таза ауа бойынша мақсатты топ), Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA), Global Methane Hub, Carbon Mapper, Carbon Limits және Таза ауа мен климат бойынша коалиция (CCAC) сияқты халықаралық ұйымдар қатысты.

Екі күндік семинар аясында келесі мәселелер талқылануда:

  • Мұнай-газ секторында метанды реттеуге арналған нормативтік-құқықтық базаның жобасы;
  • Ақауларды кешенді анықтау және жою талаптары;
  • Carbon Limits ұйымы әзірлеген Қазақстандағы метан шығарындыларын түгендеу шолуы;
  • Жасыл өсу жөніндегі жаһандық институт (GGGI) әзірлеген серіктес газды жағуды оңтайландыру жөніндегі ұлттық жол картасы;
  • Халықаралық реттеу тәжірибесі (Мексика, Нигерия, АҚШ-тың Колорадо штаты);
  • Шығарындыларды есепке алу, мониторинг, есеп беру және верификациялау (MRV) бойынша ұсынылған шаралар.

Бұл семинар — реттеуді әзірлеу процесіндегі екінші техникалық сессия болып табылады және мемлекеттік органдар мен мұнай-газ саласының өкілдері мен халықаралық сарапшылар тарапынан маңызды ұсыныстар мен пікірлер жинауға мүмкіндік береді.

Талқылау нәтижесінде Қазақстан 2025 жылғы қарашада Бразилияда өтетін БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясы Тараптарының 30-сессиясына (COP30) дейін мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отыр.