Мұхит бойынша БҰҰ Конференциясының 3-ші сессиясында сөз сөйлеу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1015254?lang=kk

Ницца қаласында (Франция) өтіп жатқан БҰҰ Мұхит жөніндегі Конференциясының 3-ші сессиясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев баяндама жасады.

Министр өз сөзінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша БҰҰ-мен ынтымақтастыққа және БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму күн тәртібін іске асыру жөніндегі белсенді іс-қимылдарға шақыруын қолдауға, атап айтқанда 14-мақсатқа тоқталды: «Теңіз экожүйелерін сақтау және мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын орнықты пайдалану».

Спикер Қазақстанның климаттық саясат бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы: Солтүстік Аралды сақтау, Париж келісімін ратификациялау, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдау, ұлттық деңгейде айқындалатын жаңа салымдарды қалыптастыру (ОНУВ 3.0), парниктік газдар шығарындыларын азайту, Қазақстанда 2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте өңірлік экологиялық саммит өткізу туралы толығырақ айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Франция мемлекеттері басшыларының бірлескен бастамасымен 2024 жылы бірінші «Бір су» саммиті (One Water Summit) өткізілді. Осы Саммит аясында Мемлекет басшысы миллиардтаған адамдар үшін тұщы судың негізгі көздері – мұздықтарды қорғау үшін жаһандық ғылыми орталықтарды біріктіруге бағытталған «Су мұнаралары серіктестігі» (Water Towers Partnership) халықаралық бастамасын жариялады.

Бастаманы іске асыру Алматыдағы ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия гляциологиялық орталығы-Орталық Азиядағы ЮНЕСКО қамқорлығымен жалғыз гляциологиялық орталық базасында жүзеге асырылатын болады.

Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша халықаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияның (CITES) Бас хатшысы Ивонн Игеро ханыммен кездесті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстандағы ақбөкен санының қарқынды өсуі болды. Министр Е. Нысанбаев Игеро ханымға 2025 жылғы есеп нәтижелері бойынша ақбөкендердің саны 3,9 миллион басқа жеткенін хабарлады. Бұл санның күрт өсуі бірқатар әлеуметтік-экономикалық және экологиялық қиындықтарды тудырды, соның ішінде елдің бірқатар аймақтарында жабайы табиғат пен ауылшаруашылық қызметі арасындағы қақтығыстың шиеленісуі.

Тараптар ақбөкен популяциясын тұрақты басқарудың ықтимал жолдарын талқылап, ғылыми негізделген және экологиялық жауапты шешімдердің қажеттілігін атап өтті. Қазақстан осы табиғи ресурсты халықаралық міндеттемелер мен орнықты даму қағидаттарына сәйкес реттелетін және заңды пайдалану тетіктерін әзірлеуге кірісуге ниет білдірді.

Кездесу соңында Е. Нысанбаев CITES Бас хатшысын Қазақстанға сапармен шақырды. Игеро ханым шақыруды қабылдады және тараптар жақын арада ресми сапарды дайындауға келісті.