Жасыл климат қорының атқарушы директорымен

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1100657?lang=kk

Белемде (Бразилия) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Жасыл климат қорының (ЖКҚ) атқарушы директоры Мафалда Дуартемен кездесті.

Кездесуде Қазақстанның Даму Банкінің ЖКҚ тікелей қол жеткізудің бірінші аккредиттелген ұйымы арқылы әлеуетті жобаларды іске асыру, Readiness бағдарламасы арқылы әлеуетті ілу, сондай-ақ 2026 Өңірлік экологиялық саммитіне қатысу мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖКҚ басқармасының 43-ші отырысында Қазақстанның Даму Банкін аккредиттеу мақұлданды, ол парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған тұрақты жобаларға инвестициялар тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.