Әлемдік көшбасшылар саммиті аясында Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Залал мен шығындарға ден қою қорының атқарушы директоры Ибрагима Шейх Дионг мырзамен екіжақты кездесу өткізді

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1101464?lang=kk

Қазақстан аталған Қор Кеңесінде Азия-Тынық мұхиты өңірінен өкілдік етеді. Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеру салдарларына төзімділікті арттыру мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Қазақстан залал мен шығындар мәселесін ұлттық климаттық саясатқа жүйелі түрде енгізіп келеді.

Тараптар сондай-ақ Қордың 2026 жылғы сәуір айында Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке қатысу мүмкіндігін де қарастырмақ.