Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Бразилияның қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі министрі Марина Силвамен екіжақты кездесуі өтті

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1101467?lang=kk

Қазақстан Бразилияның экономикалық дамуды қоршаған ортаны қорғаумен ұштастыра отырып, теңгерімді климаттық саясат қалыптастыру жөніндегі көзқарасын қолдайды.

Кездесу барысында Бразилия тарапы 2026 жылы өтетін Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға шақырылды. Аталған саммит БҰҰ және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болмақ.

Қазақстан Бразилиямен ынтымақтастықтың орманды қалпына келтіру және су экожүйелерін басқару саласындағы тәжірибе алмасудан бастап, жаңартылатын энергия және жасыл технологияларды дамытуға дейінгі зор әлеуетін көреді.