Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1106067?lang=kk
Кездесу барысында бірлескен жұмысдың негізгі бағыттары, сондай-ақ мониторинг пен деректерді талдау процестерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Global Methane Hub ұйымымен меморандум аясындағы ынтымақтастық шеңберінде тараптар спутниктік мониторингті дамытуды қарастырды. Қазақстан деректердің дәлдігі мен жүйелілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, оларды арнайы құралдармен ықпалдастыру мүмкіндігін атап көрсетті.
Сондай-ақ кездесуде тараптардың Алдағы өтетін Өңірлік экологиялық саммитке белсенді дайындалып жатқаны атап өтілді. Бұл саммит метан шығарындыларын төмендету саласындағы қазіргі прогресті және алдағы қадамдарды талқылауға арналған маңызды алаң болмақ.