Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1119498?lang=kk
Астанада GCIP-Kazakhstan 2025 Ұлттық Cleantech Форумы – ШОБ-тағы таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілетудің жаһандық бағдарламасының (GCIP) үш жылдық циклінің қорытынды аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев салтанатты рәсімде GCIP-Kazakhstan 2025 ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Ақшалай сыйлықтар мен жылдың үздік экологиялық стартаптары мәртебесін алған жеңімпаздар:
1 орын: SpaceLab IoVIT шешімін — тұрақсыз байланысы бар аудандарда уақтылы ескерту үшін IoT спутниктік жүйесін ұсынды.
2 орын: FOREST HERO – орман секторындағы көміртегі жобаларына арналған цифрлық MRV платформасы.
3 орын: HydroTech Atm командасы қуаншылық аймақтарға қатысты MOF материалдарын пайдалана отырып, ауадан су тартатын қондырғыны көрсетті.