ОПЕК-тің кейбір елдері мұнайдың әлемдік бағасына ықпал ету үшін ҚР Үкіметіне іс-қимылдарды үйлестіру ұсынысын жасады. Бұл туралы бүгін Астанадағын «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
«Әрине, ОПЕК мүшелері мұнай бағасының артуын ынталандыру үшін қадамдарды үйлестіру ұсынысын бізге айтты. Атап айтқанда, біз осы проблемалар бойынша қазіргі кезде жұмыс істеп жатырмыз», – деді министр тілшілер сауалына жауап беру кезінде.
Сонымен қатар В. Школьник бұл бағытта ең қарапайым қадам мұнай өндіру көлемін азайту немесе мүлдем өндіруді тоқтату екенін атап өтті.
«Алайда бірде-бір мемлекет бұндай қадамға барғысы келмейді, себебі, бұл бірінші кезекте табысқа байланысты. Сондықтан да осы мәселе бойынша келісілген ұстаным қажет және тиісті мәселелерді қарастырып жатырмыз. Бірақ та, Қазақстан онсыз да мұнай өндіру көлемін 1 млн. тоннаға төмендетті. Егер де өткен жылы 81 млн. тонна мұнай өндірген болсақ, биыл оның деңгейі 79,9 млн. тонна шамасында. 1 млн. тоннаға мұнай өндіру көлемін төмендетіп, бағаның қалыптасуына артық мұнайдың ықпалын азайту үшін өзіміздің үлесімізді қостық», – деді Энергетика министрі.