АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауыты кокс шаңын брикетке айналдырмақ.
«Мұнай өңдеу саласында кокс шаңын кәдеге жарату мәселесі өзекті. Кокс шаңын кәдеге жаратудың ең тиімдісі брикеттеу.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тапсырысы бойынша «Техникалық аудит және диагностика» ЖШС (Алматы қ.) кокс шаңын брикеттеудің тиімді технологиясын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Брикеттерді алу технологиясы түйіршіктелген мұнай кокс шаңының құрамын Цельсий бойынша 200-2500 градус температурасында араластыру негізінде жүргізілген. Зертханада да құрамында кокс шаңы бар түрлі құрылымдағы брикеттер алынды. Енді бұл технология өндіріске енгізіледі», – деп хабарлады Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі.
Дерек көзі: www.inform.kz