Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді. Батыста,  оңтүстік-батысында  ауа райы жауын-шашынсыз.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал, сондай-ақ найзағай ойнайды,  бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.