Дереккөз: www.24.kz

dbe7ffaaa7f0048ab275c716e8ed1bf4_L

Атырауда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жайық өзеніне 25 мың бекіре балығы жіберілді.

Бағалы балық Орал-Атырау балық зауытында өсіріледі. Бұл кәсіпорынға өндірістік кооперативтер де көмек береді. Олар ауға түскен бекіре балығын уылдырық шашуы үшін зауытқа тапсырады. Мамандардың айтуынша, ұсақ балықтың салмағы 4 грамм шамасында. Яғни табиғи жағдайға бейімделе алады. Олардың 3-4%-ы жетіліп кетсе, соның өзі үлкен жетістік, -дейді зауыт өкілдері. Бекіре балығы Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне түсуі тиіс.

Өтеген Есалиев, балықшы:

– Биыл 131 бас қызыл балық аулап тапсырдық. Бүгінгі күні 25 мың шабақ содан шыққан балықтар. Жіберген балығымыз аман-есен теңізге барып, өсіп-өніп қайтуына тілектеспіз. Қазақстан Республикасының 25 жылдығы құтты болсын. Аман болайық.