Дереккөз: EXPO-2017 Астана
Талаптармен Қоғамның ресми сайтында (https://expo2017astana.com/business-partnership/konkursyi) «Бизнес-серіктестік» бөлімінде танысуға болады.
Лицензиялық бағдарлама мақсаты EXPO 2017 логотипімен жоғары сапалы және арзан бағалы түрлі тауарлық санаттағы лицензиялық өнімдер өндіру болып табылады.
Көрме Лицензиаттарының артықшылығы:
- Ауқымды сату желісі – Лицензиялық өнім Көрме аумағында, Қазақстан бойынша барлық сату нүктелерінде, интернет-дүкенде сатылатын болады;
- Осындай текті ең танымал іс-шаралардың бастігіне кіретін ірі халықаралық жобаға қатысу;
- EXPO- 2017 Astana нышанымен өнімді сату есебінен тікелей табыс алу;
- EXPO-2017 Astana көрмесі кезінде сатудың айрықша құқығы;
- Халықаралық және қазақстандық деңгейде ақпараттық және жарнамалық қолдау;
- Бизнес-қоғамдастық пен сатып алушылар тарапынан өз сегментінде назар аударту.
Көрме қазақстандық бизнес өкілдері үшін көптеген перспективалар ұсынады. Көрме лицензиаты болу мүмкіндігі – осылардың бірі болып табылады.