АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін Бурабай көлінің деңгейі көтеріледі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрліктің атап өткеніндей, 2013-2014 жылдары «Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдер көлемін (деңгейін) және су сапасын арттыру мәселесін шешу үшін ғылыми зерттеулер өткізу» ғылыми-техникалық жұмыстар атқарылды.
Кейіннен ірі масштабты далалық зерттеулер өткізіліп, алғаш рет көлдердің гидрология және гидрохимия туралы деректер алынды. Орындалған жұмыстың негізінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағы (ЩБКА) бойынша зерттелген көлдердің әрқайсысы үшін су баланстары есептелді.  Барлық 10 көлдің гидрологиялық және гидрохимиялық деректер базасы жасалды, сонымен қатар аэроғарыштық және картографиялық көрсеткіштер негізінде геоақпараттық жүйелерді қолданудың арқасында Щучье-Бурабай су-экологиялық ахуалы электронды және биометрикалық карталары да қолданысқа енгізілді. Зерттеу барысында ЩБКА маңындағы климаттық жағдайлар, температураның ұзақ мерзімді динамикасы және өзгерісі, жауын-шашын мен басқа да метеорологиялық параметрлер талданды. Бурабай су деңгейінің (көлемі) метеорологиялық параметрлерге байланысты өзгеруін талдай отырып, оның 2030 жылға дейінгі ондағы өзгерістерге болжау жасалған. «2033 жылға дейін ауа райы температурасы мен жауын-шашынның ықпалын зерттеу барысында Бурабайдың жылдық балансы 2025 жылға дейін жоғарылайтыны анықталды, кейін оның деңгейі төмендейді», – делінген хабарламада.

Дерек көзі: www.inform.kz