Екі күндік кездесу барысында қатысушылар үкіметтік емес ұйымдар мен Орхус орталықтарының халықаралық жұмыс тәжірибесімен және олардың «жасыл» технологиялар принциптерін насихаттауға қосқан үлесімен, экологиялық проблемаларды шешуде азаматтық қоғамның қатысу дамуымен, жастарды үкіметтік емес ұйымдар мен Орхус орталықтарының қызметіне тартуымен танысуға мүмкіндік алды.
Ағымдағы жылдың 23 қарашадағы, іс-шараның қатысушылары, оның қызметінің принциптерімен, кәсіпорынның құрылысымен, қалдық жинайтын коммуналдық қызметтің өзара іс-қимыл нысанасымен, сондай-ақ қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жағу үшін қазіргі заманғы Австрия технологияларымен танысу мақсатымен Вена қ. «WKU Pfaffenau» жағуға және қайта өңдеу жөніндегі ірі компаниялардың бірінде болды.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам өзара іс-қимылының оң мысалдарын бірқатар ұсынды. Атап айтқанда, пайдаланылған жиһаз, тұрмыстық техника, интерьер заттары, кітаптар, ойыншықтар, киім сататын дүкендер. Жергілікті билік өкілдерімен осындай дүкендер ашу тарихы туралы және халыққа оның артықшылықтарын (қаржы бойынша да) дұрыс түсіндіру презентациясы жасалынды. Аталған дүкендер сатудан түскен барлық қаражат қайырымдылық қорына жібереді.