47aa3d0963f23bcb19dc4313635cf6bb_l

Дереккөз: 24.kz

Біріккен ұлттар ұйымы EXPO-2017 базасында «жасыл» технологиялар орталығын ашу туралы Елбасы бастамасын қолдады.

Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов халықаралық ұйымның Бас комиссары Джихан Сұлтаноглумен кездесіп, тиісті келісім-шартқа қол қойды. Кездесу барысында тараптар EXPO көрмесіне дайындық жұмыстарын да пысықтады. Бүгінде ел абыройын асқақтатар шараға 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатынын растап отыр. Дәл қазір 18 ел ұлттық павильондарын безендіруге кірісіп кетті.

Джихан Сұлтаноглу, БҰҰ Бас комиссары:

– Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың «жасыл» технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақстан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын.