Дереккөз: EXPO-2017 Астана
Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрме халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысы өз жұмысын бастады. Бұл көрме алдындағы орталық және қорытынды шара болып отыр. Делегаттарға көрме жұмысының барлық бағыттары бойынша ақпарат беріліп, сондай-ақ, көрме уақытында аккредитация және басқару операцияларын жүргізу жұмыстары таныстырылды.
Жиналысты Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес ашты. Ол өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастыру жұмыстары қарқынды өтіп жатқанын және көрменің жоғарғы деңгейде өтетініне сенім білдірді.
“Мен бұл көрмені ұйымдастырып жатқан барша азаматтарға өз ризашылығымды білдіремін. Олар көрмені ұйымдастыруға барлық жағынан үлкен жауапкершілікпен қараған. Біз қазір көрменің соңғы кезеңіндеміз. Біздің ортақ жұмысымыз үлкен жетістік әкеледі деген үміттемін”- деді Лоссерталес.
“Астана ЭКСПО- 2017″ ҰК” АҚ Бас Төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмысы жүріп жатқанын атап өтті. Көптеген мемлекет құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті.
“Көрменің басталуына 108 күн қалды. Сондықтан, біз қалған қатысушыларды өз павильондарының жұмыстарын жандандыруға шақырамыз”- деді ұлттық компания басшысы.
Көрме қатысушыларына ыңғайлы болу үшін әр түрлі бағыттағы опеарциялық жұмыстар қаралған. Бірыңғай қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Онда визалық қолдау, салық, банктік, сақтандыру және басқа да мемлекеттік органдардың қызметтері жұмыс жасайды. “Аккредитация” ақпараттық жүйесі өз кезегінде, осы жұмыстардың өту уақытын үнемдеуде.
Ұлттық секцияның Комиссарлары мен олардың отбасына және павильон жұмыскерлеріне ЭКСПО аумағында 1374 пәтерден құралған қалашық тұрғызылды. Сондай-ақ, Қазақстан шетелдік қонақтарға қолайлы болу үшін 45 мемлекеттің визасыз режимін дайындады.
Ахметжан Есімов қазіргі әлемдік талаптар көрме қатысушылары мен қонақтарына арналған қатаң қауіпсіздік шараларын өткізуді талап ететінін делегаттардың назарына ұсынды.
“Біз Милан мен Шанхай көрмелері, Сочи мен Рио-де Жанейро қалаларында өткен Олимпиада ойындары ұйымдастыру жұмысының тәжірибесін қарастырдық. Осы тәжірибеден біз барлық қауіпсіздік шараларының жұмыстарын еске алдық. Бұл көрмеге қатысушылардың барлығына максималды түрде қауіпсіздік шаралары қолданылады деген сөз”- деп атап өтті “Астана ЭКСПО- 2017” ұлттық компаниясының Бас Төрағасы Ахметжан Есімов.
Сондай-ақ, көрме кезінде болашақ энергиясы саласында ең үздік жобаға “Космос” сыйлығы 20 мың еуро ақшалай сыйлық табыс етеді. Сыйлық Халықаралық көрме бюросы және жапондық EXPO’90 фондына негізделіп, жобаның дамуына бастау болады. Көрмеге Халықаралық көрме бюросына кіретін 160 мемлекеттен тұрғындар мен ұйымдар шақырылды. Байқаудың қорытындысы көрме соңында белгілі болады.
Халықаралық қатысушылардың жиналысы ертең өз жұмысын жалғастырады.
Бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады. Осы орайда, ЭКСПО көрмелерінің тарихында ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттер саны бойынша ең үздік деп танылды.