Дереккөз: www.24.kz

0caadd11edc111addeee789d7a6c5013_l

Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммиті – тарихи сәт болмақ. Бұл туралы аталмыш ұйымның бас хатшысы Рашид Әлімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтты.

Тараптар маусым айында елордада ашылатын Халықаралық мамандандырылған көрменің дайындығын талқылады. Көрме шеңберінде өткізілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммитін де сөз етті. Астанаға келген мейман көрме кезінде ұйымға арнайы павильон ұсынылып, онда экологиялық бағдарламаны таныстыруға мүмкіндік жасалғаны үшін Ахметжан Есімовке алғысын білдірді. Еске сала кетейік, EXPO көрмесі аясында 27 тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді.

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас хатшысы:

– EXPO көрмесі тек ғылым мен техника жетістіктерімен шектелмейді. Көрменің көздегені адамзаттың болашақта қандай экологиялық ортада өмір сүретіндігін көрсету. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін EXPO көрмесінде өз павильоны болғаны аса маңызды. Әлбетте осы мақсатта ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарып жатқан еңбегі ерен. Әсіресе Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесі арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі асқақтай түсетіні сөзсіз.