Дереккөз: www.24.kz

fa99df5dd1cddccd1676d12e22db283a_l

Шығысқазақстандық геологиялық барлау компаниялары жер қойнауын сапалы зерттеу үшін дрон қолдана бастады. Ол арқылы жұмыстың тиімділігін бірнеше есе арттыруға болады.

Зерттеу нысанына үлкен аумақтар алынып, қазба байлықтардың жаңа қойнауын табуға жол ашылмақ. Заманауи технология елімізде бірінші болып елдің шығысында тәжірибеден өтті. Жерден басқарылатын құрылғының әлеуетін мамандар жоғары бағалап отыр.

Квадрокоптердің көмегімен жиналған ақпарат арқылы 3D модельдер жасауға да болады. Бастысы тың әдіс – адам аяғы жетпейтін жерде зерттеу жұмыстарын еркін жүргізіп, уақыт пен қаражат үнемдеудің таптырмас мүмкіндігі.

Евгений Атамановский,  геологиялық барлау компаниясының директоры:

-Біз де кез келген бизнестегі сияқты жұмысымыздың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияны пайдаланамыз. Бұл бізге жер қойнауын сапалы зерттеуге өте қажет.  Геологиялық зерттеулерді жүргізу үшін квадрокоптерге геофизикалық құрал-жабдықтарды орнату жоспарымызда бар.