Дереккөз: www.24.kz

98642bfde5f3f3a8b3b15fcddb00f8b8_l

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартындағы жоғары октанды бензин шығара бастады.

Кәсіпорын мұндай мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының арқасында қол жеткізіп отыр. Іске қосылған изомерлеу қондырғысы бензин құрамындағы октанды жоғарылатады. Нәтижесінде қара алтынды өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі 6 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Жаңғырту жұмыстарының негізінде зауыт жылына 4 мың тонна күкірт шығарады. Одан бөлек дизель отынын гидротазалау қондырғысы реконструкциядан өткен. Өндірілген өнімді ыдыстарға ысырапсыз құю мәселесі де өз шешімін тапты. Енді мұнайдың құрамындағы пайдалы шикізаттарды бөліп алу процесінде инновациялық жобаларды қолдану арқылы қара алтын қалдықсыз өңделеді. Жаңғырту жұмыстары толық аяқталғанда зауыт әлемдік талаптарға толық жауап беретін жоғары технологиялы ірі өндіріс орнына айналмақ.

Болат Әбдуәлиев, Мұнай өңдеу зауытының менеджері:

– Бүгін іске қосқан технологиямыз – заманауи, дүниедегі ең бірінші, ең жоғарғы деңгейдегі технология. Жанармай өртенген кезде құрамындағы күкірт өте зиынды қоспаларды бөледі. Міне сол қаншалықты аз болса, соншалықты біздің ағзамызға зиянсыз болады.Қазір біз соны өте төменгі деңгейге жеткіздік.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

– Бұл біздің экологиямыз үшін тиімді. Біздің көліктеріміздің жанармайының сапасы артады. Осы жұмысқа 5300-дей адам тартылды. Оның 1600-і қытай жұмысшысы болса, 3700-і – қазақстандықтар. Бұл, бір жағынан, біздер үшін үлкен жетістік. Қаншама адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл, бір жағынан, Қазақстан Қытай достығына да үлкен дәлел.