Дереккөз: energo.gov.kz
2017 жылғы 14 шілдеде 2016 жылы және 2017 жылы І жартыжылдық қорытындысы бойынша, «Қазгидромет» РМК-ның – кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы (бұдан әрі – ҚР ЭМ ЭРБК) Нұрлыбаев Сәбит және ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің жауапты қызметкерлері қатысты.
РМК «Қазгидромет» бас директоры Марат Кынатов экологиялық, гидрологиялық және метеорологиялық мониторингтің нәтижелерін атай отырып, гидрологиялық болжау сапасын жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы баяндады: «Бүгінгі күнге өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы техниканы пайдаланған болатын. 2018 жылдан бастап гидрологиялық болжамдарға арналған жаңа үш әдістеме қолдану жоспарлануда, соның ішінде гидрологиялық болжамдарға арналған сандық модельдер.
«Біз Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымға жүгіндік. Қазақстанның су тасқының болжау жұмыстарына алғаш рет ДМҰ және Еуропадағы Ұлттық метеорологиялық қызметкерлері консультативтік кеңес және техникалық қолдау көрсететін сарапшылары тартылғандығын» – М.Кынатов атап өтті.
2017 жылғы 12-13 шілде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым және Италияның ұлттық гидрологиялық қызметінің сарапшылары «Қазгидромет» РМК Есептеу орталығы және гидрология бөлімінің қызметкерлері бірлесіп Арыс өзені үлгісінде гидрологиялық болжаудың пилоттық моделін әзірлеуге кірісті.
Сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық су орталығындағы және басқа да АҚШ-тың мамандандырылған ұйымдарындағы әріптестеріміз «Қазгидромет» РМК-ға консультативтік техникалық кеңес көрсетуде.
Кеңейтілген отырыс барысында ҚР ЭМ ЭРБК бірлесе отырып қоршаған ортаның жоғары және өте жоғары ластануын анықтау барысында қолданылатын іс-шаралар анықталды.
Сондай ақ, ҚР ЭM бекіткен, 2017-2020 жж. «Қазгидромет» РМК жетілдіру бағдарламасымен танысты. Жетілдіру бағдарламасы экологиялық, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингін толық жабдықталған бақылау желілерімен қамтамасыз етуге бағытталғын. Осы бағдарлама бойынша, «Қазаэронавигация» РМК бірлесіп, нақты болжамдармен қамтамасыз ету үшін, Қазақстан аумағын толық қамтитын, 25 метеорологиялық радарлар орнату жоспарлануда.