Дереккөі: www.24.kz

b1d820d65544576a8731db88a510fe93_L

Оралда өткен Akzhaiyk Invest форумында құрылыс индустриясы мен машина жасау салаларына қатысты тың жобалар таныстырылды.

Өңір кәсіпкерлері инновациялық жобаларды қолдау мақсатында бюджеттік емес қор құрған. Сонымен қатар «Алгоритм» деп аталатын технопарк базасында өңірлік кеңес құру жоспарланып отыр. Инвестиция тарту бойынша Smart City жобасына басымдық берілді. Бұл қала инфрақұрылымын дамытуға сеп болмақ. Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Арман Қашқынбеков, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы бас директорының орынбасары:

– Ең алдымен бұл тарифті индекстеу, ұлттық жоспарды дамыту бойынша Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын жоюға сеп болады. Біз шетелдіктерге анық түсіндіре аламыз. Күн және жел станцияларын салу жөніндегі ұсынысты нақтылап береміз.

Жұматай Сәлімов, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары:

– Облыстың кәсіпкерлері инновациялық жобалардың маңызды екенін түсініп отыр.Соған байланысты осындай қор құру арқылы жобаларды жүзеге асырмақ. Міне, біздің келісім осы қызметті жандандыруға бағытталған.