Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының делегациясы (энергетика, ауыл шаруашылығы және сыртқы істер министрліктері қызметкерлері) Стокгольмдегі «Дүниежүзілік су аптасының» жұмысына қатысты.

Әлемнің әртүрлі елдерінен келген делегаттар әлемдегі, атап айтқанда Орталық Азия елдеріндегі су мәселесін үйлестіру және талқылау үшін Швецияның астанасында бас қосты.

Дүниежүзілік су аптасы тұрақты даму және су ресурстарын басқару мәселелері бойынша жаһандық күн тәртібін қалыптастыратын ірі платформалардың бірі болып табылады.

Осы процеске Қазақстанның қатысуы өңірдің ішіндегі су ынтымақтастығы бойынша жаңа мақсаттар әзірлеу және «түйісу нүктесін» іздеу кезінде елдің мүддесін білдіруге мүмкіндік берді.

Қазақстанда 8 алап бар екендігін атап өткен жөн, олардың жетеуі трансшекаралық, сол себепті су ресурстарын басқару мәселелеріндегі ынтымақтастық еліміз үшін су саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.

Іс-шара барысында Орталық Азия елдерінің өкілдері ынтымақтастық идеяларымен және сумен байланысты өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін әзірлеуге қатысты ойларымен алмасты.

 

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі