Семинар «Повышение потенциала Орхусских центров в целях распространения и использования экологической информации» пройдет 31 октября 2017 г. в г. Астана

123

«Орхус орталықтарының әлеуетін экологиялық ақпаратты тарату және пайдалану мақсатында жетілдіру» тақырыбындағы семинар Астана қаласында 2017 жылдың 31 қазанында өткізілетін болады.

Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық талдау орталығы» РМК «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығымен бірлесіп Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен өткізілетін болады.

Семинардың мақсаты – Қазақстанда Орхус қозғалысын дамытудың стратегиялық жоспарын талқылау, сонымен қатар Орхус орталықтарының әлеуетін ЛШТТ бойынша ақпаратты тарату бөлігінде жетілдіру.

Халықаралық сарапшы –  Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, «Арника» ҮЕҰ (Чехия) жобаларының үйлестірушісі Мартин Скальский – ЛШТТ ақпаратын таратудың және пайдаланудың халықаралық тәжірибесін ұсынатын болады.

Қатысушылар Қазақстандағы Орхус қозғалысының Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру және Орхус орталықтарының қызметіне қаржыландыру жұмылдыру тетіктерін талқылайтын болады.

Бөлек сессия аясында қатысушылар ЛШТТ-ның «жасыл экономика» жоспарларын іске асырудағы және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін, қоғамның ЛШТТ ақпаратына қол жетімділігінің ұлттық стратегиясын орындауындағы маңызын, Орхус орталықтарының ЛШТТ мәліметтерін тарату және пайдаланудағы рөлін, сонымен қатар Орхус орталықтарының төзімді органикалық заттар мен басқа да қауіпті химиялық заттарды жоюдағы үлесін талқылайтын болады.

Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің, Қазақстан Республикасының өңірлік Орхус орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.