Дереккөз: www.24.kz
Жасыл экономика саласындағы Қазақстанның межелеген мақсаттары 2050 жылға дейін белгіленіп қойған. Біз алдағы 33 жылдың ішінде баламалы қуат көздерінің үлесін 50%-ға жеткізіп, энергия шығынын 50%-ға қысқартып, жасыл сектордағы жұмыс орындарының санын 500 мыңға жеткізуіміз керек. Бүгінде тиісті заңнамалық ретке келтірілсе, сол кәсіпті игеріп кететін белсенді тарап керек. Алайда көп жағдайда қаржының жетіспеушілігі қолбайлау болып жатады. Десе де қазіргі таңда «Жасыл қаржы» инструменттері дамытылып жатыр.