Дереккөз: www.24.kz
Ал Алматы облысының шаруалары кооперативтер құру бағдарламасына белсенді қатысуда.
Жетісу жерінде биыл 111 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылуы керек болған. Алайда өткен 10 айда бұл көрсеткіш 138-ге жетіпті. Осылайша ұсақ шаруашылықтар бірігіп, іріленіп жатыр. Олар негізінен мал бордақылаумен ет, сүт, жүн өңдеумен және бау-бақша өсірумен айналысады. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері аймақтарды аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Кооперативтердің нормативтік-құқықтық базасын жетік білу арқылы ұжымдардың заңдық сауаты артады. Сол арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді де дер кезінде ала алатын болады», – дейді мамандар.
Ерлан Ілиясов, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің басқарма басшысы:
– Көптеген субсидиялар бар. Субсидиялар кооперативтерге арнайы техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталған. Субсидияның 50 пайызы пайдаланылды. Және кооператив өндірген өнімдерге де субсидия бар. Олардың ішіне ет пен сүттен және жүннен жасалған өнімдер жатады.