ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 8-нен 10-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Алюминий Казахстана» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Парниктік газдар шығарындыларын мемлекеттік реттеу;
- Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу, беру және өтеу;
- Парниктік газдардың көміртегі бірліктерін басқару;
- Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;
- Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар;
- Мемлекеттік экологиялық бақылау және т.б.
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Асылбеков Сабыр Наурызбаевич – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменттің бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.