Солнечную электростанцию возведут в Мангистауской области

Дереккөз: www.24.kz

f031f5b3f73cf55731d15bb54f544e79_l

Маңғыстау облысының Батыр ауылында биыл күннен қуат алатын станция құрылысы басталады.

Сағатына 2 млн киловатт энергия өндіретін кешен келер жылдың ақпан айында іске қосылуы тиіс. Жоба құны – 1 млрд 210 млн теңге. Баламалы қуат көзі жалпы саны 50 мың адам тұратын 3 елді мекенді электр энергиясымен қамтуға қауқарлы. Аумағы 10 гектар жерде 8 мыңнан астам күн панельдерін орнату жергілікті мамандарға жүктелмек. Отандық үлесі 90 пайызды құрайтын жоба қолданысқа берілген соң, осы ауылдың 10 азаматы жұмыспен қамтылады.

Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі:

– 2018 жылдың күз айларында 21 мың күн панельді құрылғылары осы Батыр ауылының екінші жақ бетінде орналастырылады. Бұл жоба сағатына 5 млн киловатт тоқ көзін өндіреді. Осындай ірі жобалар еліміздің дамуымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес, баламалары тоқ көздері осы Маңғыстау облысының  Мұнайлы ауданында іске асырылып жатыр.