Дереккөз: www.24.kz
Қостанайда ауыз суды тазартудың жаңа технологиясы енгізілмек. Осыған дейін суды зарарсыздандыру үшін газды хлор қолданылып келді. Бұл химиялық элемент зиянды бактерияларды жойғанымен, адам ағзасына кері әсер ететіні анықталып отыр.
Сондықтан «Қостанай-су» кәсіпорыны биылдан бастап, хлордың орынына натрий гипо-хлоридін пайдаланбақ. Атап айтсақ, ауыз суды тазартуға енді тек ас тұзы қолданылады. «Электрленген тұз ертіндісі арқылы өткізілген судың сапасы жоғары. Ең бастысы, химиялық зиянды заттардан таза», – дейді сала мамандары. Жаңа технологиялық желіні алдағы күз айларында толық іске қосу көзделіп отыр.
Еркебұлан Файзулаев, «Қостанай-су» МКК директоры:
– Ауыз суды зарарсыздандыру ісін автоманттандыру арқылы біз ондағы қоспалардың құрамын нақты бақылай аламыз. Хлор мөлшерін лезде реттеп отыруға мүмкіндік туындайды. Бұл су сапасын жақсартуға оң септігін тигізері анық.