Дереккөз: www.energo.gov.kz
Халықаралық және ұлттық сарапшылар тобы Эспо Конвенциясы және Орхус Конвенциясы тұрғысынан халықаралық стандарттардың сақталуына Қазақстандағы қолданысынтағы заңнамаларға талдау жасау бойынша жұмыстарды аяқтады. Аталған талдау нәтижелері, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған сарапшылардың ұстанымдары 2018 жылдың 15-16 ақпанда тиісті министрліктер мен ведомстволар мамандарының талқылауына ұсынылды.
Атап айтқанда, қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау (ҚОЭБ) механизмін жетілдіру және стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жүйесін ендіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. ЕЭК БҰҰ әзірленген екі құралдар және Еуропада кең таңылған қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын тиімді қорғау, сонымен қатар көңіл бөлінбейтін экологиялық салдарлардың алдын алу үшін Қазақстанда енгізілуі мүмкін.
Бірінші түзетулер жобасын 2018 жылдың сәуір айында аяқтау жоспраланып отыр.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бастамасымен 2016 жылдың соңында СЭБ және ҚОЭБ бойынша заң шығармашылық жобасы іске асырылуда. реформа жүргізуде БҰҰ ЕЭК Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен және ЕҚЫҰ бағдарламасының Астанадағы офисінің серіктестігімен техникалық көмек көрсетеді. Жобаны аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр.