ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы наурыздың 28-нен 30-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Горводоканал» ӨБ» МБК,
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Костанай облысы бойынша экология департаменті», «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «АБК-Автодор НС» ЖШС Зырян филиалы, ҚПО Б.В..
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Әкімшілік іс жүргізу және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау;
- Мемлекеттік бақылау жүргізу саласындағы реформалар (алдын ала бақылауға өту);
- Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама;
- Автоматтандырылған мониторинг жүйесі;
- Табиғат пайдаланушыға қойылатын негізгі экологиялық талаптар және т.б.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а.;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Турысбекова Эльмира Жумахановна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.