Дереккөз: www.energo.gov.kz
Павлодар облысы бойынша Аймақтық коммуникациялар қызметі негізінде ағымдағы жылдың 5 сәуірінде «Екібастұз Станциясы ГРЭС-2» АҚ-да «Табиғатты қорғау қызметінің жоспарында және кәсіпорынның экологиялық саясаты туралы» тақырыбында «Станция ЭГРЭС-2» АҚ басқарма төрағасы Николай Леонидович Тушинского, «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарының басқармасы» ММ басшысының орынбасары Айгерим Жанбиртаевна Кабылтаеваның, экологиялық реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Гульнар Сеильбековна Сагитованың сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен пресс-конференциясы өтті.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – қуаттылығы 1000 МВт болатын, екі 500 МВт қуатты қондырғылардан тұратын, жылу электр станциясы. Бірінші энергоблок 1990 жылы желтоқсанда, ал екінші энергоблок – 1993 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді
2017 жылға шараларды орындау сомасы 292 098 000 теңгеге жоспарланды, 2017 жылдың нәтижесі бойынша сомасы 341 984 000 теңгеге қаражат игерілді.
2017 жыл бойынша ауа бассейнді қорғауға 88 124 000 теңге шығынды құрады.
Кәсіпорындардың санитарлық қорғаныш аймақтарын көгалдандыруы. 2017 жылға 2 000 шақты жасыл екпелер отырғызылды. Бұл шараны орындауда 9 036 000 теңге шығындарды құрды. Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтар аймағында барлығы 17 000 көшеттер отырғызылды.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауға 76 310 000 теңге жұмсалды.
Жер ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындылар соммасы 161 838 000 теңгені құрады.
2017 жылы қалдықтар айналысына қатысты жалпы шығындылар соммасы 1 947 000 теңгені құрды.
Сондай-ақ, «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ-на электрофильтрлардың құрғақ күлді іріктеу жүйесі енгізілді. Күл жинау қондырғыларын қайта құру барысында, өткізгіш газдардан күлдерді тұту дәрежесі айтарлықтай көтерілді, сонымен қатар күл шығындарын 3 – 4 есеге дейін төмендетілді. Электрофильтрлерді орнатқанға дейін, тозаңдану – 2274 мг/нм3 құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш – 393 мг/нм3 көрсеткішке дейін төмендеген. Тиісінше, жылына, атмосфералық ауағы көмір күлінің шығындары 8 тоннаға дейін төмендеген (өткен жылы бұл көрсеткіш 28 тоннаны көрсеткен.
Өндірістік экологиялық бақылау. Кәсіпорындарда ИСО 14001:2015 халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау бөлімінің зертханасы аккредиттелді, ол беткі, жер асты және ағынды сулардың, газ шығаратын автокөлік құралдардың, энергетикалық қазандықтардың түтінді газдардың өндірістік мониторингын жүргізуді қамтамасыз етеді.Топырақ және атмосфера ауаныңөндірістік мониторингы бөгде аккредиттелген зертхананы шақырту арқылы жүргізіледі.
Қалдықтарды орналастыру көлемі – 1 440 457 тоннаны, лимит кезінде – 2 023 188 тоннаны құрды.
Пайдаланылған су ресуртардың көлемі – 2 773 377 м3, бекіліген лимит кезінде – 5 591 483 м3 құрды.
2018 жылға шаралар соммасы 154,6 млн. теңгеге жоспарланды.
Нәтижелерді қорытындылай келе, станция басшысы қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту үшін айтарлықтай күш-жігер жұмсағанын, жоспарда көзделген барлық табиғатты қорғау шараларының орындалуын және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтап отырғандығын атап өтті.