Қазақстандық делегация 16-шы Халықаралық энергетикалық форумға қатысты

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 10-11 сәуірде ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиевтің басшылығымен қазақстандық делегация Нью-Дели қаласында (Үндістан) өткен «Жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің болашағы – көшу, технологиялар, сауда және инвестициялар» атты 16-шы Халықаралық энергетикалық форумға (ХЭФ) қатысты.
ХЭФ энергия ресурстарын экспорттаушы, тұтынатын және транзитті жүзеге асыратын елдердің үкіметаралық диалогынілгерілету жөніндегі ірі халықаралық энергетикалық ұйым болып табылады.
Іс-шараға 700-ден астам делегат, соның ішінде 60 салалық министрліктер мен ведомстволардың басшылары, жетекші өндірушілер мен тұтынушылардың, ірі компаниялардың және ХЭА, ОПЕК сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысты.
Конференция барысында қазақстандық делегация жаһандық энергетикалық күн тәртібінің аса өзекті мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа Форум шеңберінде Үндістанның Мұнай және газ министрімен және ХЭФ пен Газ экспорттаушы елдер форумының (ГЭЕФ) Бас хатшыларымен екі жақты кездесулер өтті. Кездесулер барысында Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы, сондай-ақ Халықаралық энергетикалық форум және ГЭЕФ шеңберіндегі алдағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі