Қазақстанның ЭЫДҰ Қоршаған орта саласындағы саясат комитетінің жұмысына қатысуы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 17 сәуірде Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қоршаған орта саласындағы саясат комитетінің (ҚОССК) кезекті отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасындағы экологиялық саясатты өзін өзі бағалау бойынша сөз сөйледі.
ҚОССК отырысына сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл экономика департаментінің директоры, «ССДО»АҚ өкілі қатысты.
Қазақстан Республикасын Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі және біздің ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындату
бойынша мақсаттар қойды. Осыған орай, еліміздің табиғат қорғау мекемесі ретінде Энергетика министрлігінің алдына ЭЫДҰ Қоршаған орта саласындағы саясат комитетінде қатысушы дәрежесіне дейін көтеру мақсаты қойылды.