Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2016 жылдан бері БҰҰ ЕЭК қолдауымен және ынтымақтастығымен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігімен және Астана қаласындағы ЕЫҚҰ бағдарлама офисімен және Қазақстандағы БҰҰ ДБ өкілдігімен «Қазақстанның «жасыл экономика» моделіне көшуіне қолдау көрсету» бірлескен жобасы шеңберінде БҰҰ ЕЭК Қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау (ҚОЖӘБ) туралы Конвенциясының ережесіне және оның Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша Хаттамасына сәйкес СЭБ және ҚОЖӘБ жүйесін жетілдіру бойынша ұлттық жүйені құру бойынша іс-шаралар іске асырылуда.
Аталған жұмыс үлгіні және қолданыстағы ұлттық экологиялық заңнаманы қайта қарауды, оны үйлестіру бойынша ұстанымдарды әзірлеуді қарастырады.
Қазіргі уақытта, жоба сарапшыларымен ҚР ЭМ тығыз ынтымақтастықта ҚОЖӘБ және СЭБ үдерістеріне арналған, соның ішінде трансшекаралық контекстте Экологиялық Кодекске, Қазақстан Республикасының секторлық және екіншілік заңнамаларына түзетулер жобасын әзірлеу жүзеге асырылуда.
2018 жылғы 25-26 сәуірде Астана қаласы «Гранд Парк Есиль» қонақ үйінде Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияға және оның стратегиялық экологиялық бағалау бойыншаХаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді.
Жиналыстың басты мақсаты СЭБ және ҚОЖӘБ бойынша түзетулер жобасын, соның ішінде трансшекаралық контекстте Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодекске және секторлық заңнамалар талқылау болып табылады. Іс-шара сонымен қатар ҚОЖӘБ және СЭБ саласындағы заңнаманы одан әрі дамыту бойынша ұстанымдарды әзірлеуге бағытталған.
Бірінші күні отырыс Ахметжан Пірімқұлов мырзаның төрағалығымен өтеді – Қазақстан республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы және Рати Джапридзе мырза – Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар кеңсесі Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі.
Екінші күн – Қазақстан республикасы Энергетика министрлігі «Жасыл экономика» департаментінің директоры Ә. Шалабекова ханым және Қазақстан республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетітөрағасының орынбасары Азамат Әлімбаев мырзаның төрағалығымен.
Жұмыс тобының отырысында ҚОӘБ және СЭБ бойынша ұлттық сарапшылар мен халықаралық сарапшылар, Қр Энергетика министрлігі профильді департаменттерінің сарапшылары, жұмыс тобының мүшелері қатысады (Ержи Ендрошка мырза заңнамалық даму аясында негізгі халықаралық сарапшы, ҚОӘБ және СЭБ бойынша Елена Лаевская ханым, ҚОӘБ және СЭБ бойынша заңнамалық даму аясында халықаралық сарапшы).
Жұртшылықты ҚОӘБ және СЭБ бойынша ұлттық заңнамадағы реформалардың қажеттілігі мен орындылығы туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жұмыс тобының мәжілісіне қатысуын ұйымдастыруды сұрайды, сонымен қатар жергілікті ұлттық телеканалдарда халықаралық сарапшылармен сұхбаттасуын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру («Хабар», «КТК», «Қазахстан»).