Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 23 мамырда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) аукциондық сауда-саттық жүйесі іске қосылды. Жалпы қуаты 20 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша бірінші аукцион Солтүстік аймаққа арналды (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).
Қазақстандық компаниялардан 9 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 7 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 40,7 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңгеден 18 теңгеге дейін болды. Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
6. «Зенченко и К» СС 2 МВт-қа 18 теңге бағамен
7. «Вичи» ЖШС 7 МВт-қа 18,01 теңге бағамен
8. «Ventum Energy» 4,95 МВт-қа 18,99 теңге бағамен
9. «EastWindEnergy» ЖШС 4,95 МВт-қа 19,99 теңге бағамен
10. «Иван Зенченко» ЖШС 2 МВт-қа 22,53 теңге бағамен
Келесі аукцион 2018 жылғы 24 мамырда өтеді.