ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, Мемлекеттік емес мекеме – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС, «Чабан В.В.» ЖК, «Еңбек» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Экологиялық аудит;
- Экологиялық сақтандыру;
- Өндірістік экологиялық мониторинг және есеп беру бағдарламасы;
- Кәсіпорындағы экологиялық менеджмнет;
- Мемлекеттік бақылау саласындағы реформалар (профилактикалық бақылауға көшу).
Дәріс оқығандар:
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.