Қызылордада су айдындарынан 50 тоннадай қоқыс, мыңнан аса ау шығарылды

Дереккөз: www.inform.kz

fotoarticles_20180531223923_w320_h240

«Мұндай шара мамыр айында облыс аумағында «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясы аясында өткізілді. Су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау – басты мақсатымыз. Таза су – денсаулық кепілі, тіршілік көзі, облыс көлеміндегі су айдындары таза болса, денсаулығымыз да жақсы болады. Балық пен басқа да су жануарларының қоры көбейеді», – деді Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов.

Бұл шараға ауыл тұрғындары, студенттер, оқушылар қатысты. Нәтижесінде 48,5 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 1011 ау-құралдардың қалдықтары жиналып, тиісті орындарға шығарылды.