ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы маусымның 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтөбе қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс су арнасы» ЖШС; «Актюбинская Региональная Экспертиза» ЖШС; «Бетон-Пресс» ЖШС; «Тау-Кен» ЖШС; «Лигабуе Орта Азия» ЖШС; «Вест Моторс Сервис» ЖШС; «Central Asian School Of Petroleum Engineering» (CASPE)» ЖШС; «Конденсат» АҚ; «Байтау Партнерс» ЖШС; «Арал Петролеум Кэпитал» ЖШС Ақтөбе филиалы.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары;
- Экологиялық іс-шара жоспарының және есеп берудің нысаны;
- Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар;
- І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама; шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
- Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.