ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы тамыздың 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каражанбасмунай» АҚ; Маңғыстау облысы бойынша «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС филиалы; «Халлибуртон Интернэшнл ГмбХ» КФ; «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС; «WEST DALA» «ВЕСТ ДАЛА» ЖШС; «ТенизСервис» ЖШС; «Шагала-Сервис» ЖШС; «Каракудукмунай» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктері. Өндірістегі экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару бағдарламасы, жобалардағы экологиялық іс-шаралар жоспары. Стратегиялық экологиялық бағалау;
- І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
- Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
- Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың экологиялық реттеуі. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
- Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
- Қоршаған орта эмиссияларына рұқсат беру тәртібі;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі экологиялық талаптар;
- Қалдықтар саласындағы экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
- Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау;
- Қалдықтар саласындағы шаруашылық қызмет;
- Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
- Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.