KIOGE 2018 конференциясы: мұнай-газ саласының өсу қозғаушысы, цифрландыру және заңнамадағы өзгерістер.KIOGE 2018 конференциясы: мұнай-газ саласының өсу қозғаушысы, цифрландыру және заңнамадағы өзгерістер

Дереккөз:  www.energo.gov.kz

2018 жылдың 26-27 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы Intercontinental-да Қазақстанның және бүкіл Каспий аймағының мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы бірегей іс-шарасы – 26-шы Қазақстан халықаралық мұнай және газ конференциясы – KIOGE 2018 өтеді. Іс-шарада Қазақстанның және бүкіл Каспий аймағының мұнай және газ нарығының үрдістерін талқылау және талдау үшін мұнай-газ саласының 1000-нан астам кәсіпқойлары кездеседі. KIOGE 2018 конференциясының Бас ақпараттық серіктесі – «Хабар» агенттігі.

KIOGE 2018 конференциясы жұмысына Қазақстанның Энергетика министрлігі, саланың жетекші компаниялары, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық салалық ассоциациялар қатысады.

Жыл сайын KIOGE 2018 конференциясы алаңы енгізілуі Республиканың мұнай және газ өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық әзірлемелер, жаңа тәсілдер мен шешімдерді талқылау орталығына айналады. Ірі нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері 26 қыркүйек күні сағат 12:00 «Инновациялар мен халықаралық ынтымақтастық тұрақты дамудың негізгі факторлары ретінде» атты сессияда көтерілген мәселелерді талқылау үшін кездеседі. Джон Робертс, Энергетикалық қауіпсіздік маманы, БҰҰ Комиссиясы Еуропалық Одақтың мүшесі және Atlantic Council, Washington DC аға ғылыми қызметкері модератор болады.

Саланың ең көп талқыланатын мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңа өзгерістер. Оның мемлекет, жер қойнауын пайдаланушылар және инвесторлар үшін барлық артықшылықтары мен кемшіліктері туралы «KAZENERGY» қауымдастығы, Мұнай-газ саласындағы заңгерлердің қазақстандық қауымдастығы және Eni компаниясының мамандары талқылайды. 26 қыркүйек күні сағат 14:00 «Жаңа заңнама ҚР өндіруші секторы және Инвесторларға қалай әсер етеді» тақырыбында пікірталастық панель өтеді.

Мұнай және газ кен орындарын цифрландыру жаһандық үрдісіне байланысты бүгінгі күні енгізілетін технологиялардың экономикалық тиімділігі, мамандарды дайындау және техникалық қайта жарақтандыруға қатысты мәселелер  өзектіге айналуда. KIOGE 2018 конференциясы алаңы қазірдің өзінде цифрлық жобаларды ойдағыдай іске асырып жатқандар компаниялар, сондай-ақ инновацияларды енгізу жайлы ойланып жүргендер үшін де кездесу орталығы болмақ.

26 қыркүйек күні сағат 15:30 «Мұнай-газ саласын дамыту үшін жаңа шешімдер» сессиясы өтеді, оған «Ембімұнайгаз» АҚ, BitfuryKazakhstan, SIEMENS, BHGE, SAP, Шлюмберже Лоджелко Инк, «Узнефтепродукт» АҚ басшылары баяндамашы ретінде қатысады.

27 қыркүйекте, Конференцияның екінші күні шеңберінде сарапшылар «Мұнай және газды тасымалдау – даму перспективасына жаңа көзқарас» және «Мұнай сервисі Қазақстан индустриясының перспективалы бағыттарының бірі ретінде» мәселелерін талдайды. Сессияларға ILFConsultingEngineers, РоземГруп, ТМК және DOW және «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ топ-менеджерлері қатысады.

Түстен кейін мұнай-газ саласының PR-мамандарының кездесуі және Теңізшевройл компаниясының «ТШО цифрландыруын дамыту» тақырыбындағы семинары өтеді. Мұнай-газ индустриясы саласындағы цифрландырудың қорытынды тақырыбы «Цифрлық түрлендіру дәуірінде адами фактор» болады. Сессия пікірталастық панель форматында өтеді, оған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «KAZENERGY қауымдастығы», «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, SAP секілді ірі ұлттық, мұнай және технологиялық компаниялардың  HR-директорлары мен башылары, сондай-ақ батыс компанияларының сарапшы-кеңесшілері қатысады.

KIOGE 2018 ұлттық компаниялар мен ABB, McKinsey&Company және Лукойл секілді нарықтың ірі мұнай қатысушыларының ресми делегацияларын қабылдайды. Мамандар KIOGE конференциясының пленарлық сессиялары, пікірталастық панельдеріне, сондай-ақ мұнай-газ саласының ірі ойыншыларымен іскерлік кездесулерге қатысады.

Осы жылдың маңызды оқиғасы «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ және «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болғанын еске саламыз. Осы құжат аясында, 2018 жылдан бастап KIOGE жұп санды жылдары, ал KAZENERGY Форумы тақ санды жылдары өтеді.  Келесі KIOGE 2020 жылдың қазан айында өтеді.

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өтеді.

KIOGE 2018 Алтын Серіктесті – «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» АҚ, «Каспий Құбыр Консорциумы», Dow Chemical. Күміс серіктестері – «Ембімұнайгаз» АҚ, Control Seal, «Комплект Арматура» ЖШС және «Ресей экспорттық орталығы» АҚ. Қола серіктестері – Baker Hughes, a GE company, Fluor Kazakhstan Inc., Wabag, ILF, HMS Group машина жасау және инженерлік холдингі.

KIOGE 2018 ұйымдастырушылары Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания) болып табылады.

Көрме жайлы толығырақ ақпаратты, конференция бағдарламасы және семинарлар туралы kioge.kz –веб сайтынан ала аласыз.