ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қазанның 10-нан 12-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Экотерра» ЖШС; «Фирма Ада Ойл» ЖШС; «ӨзенМұнайСервис» ЖШС; «BNG LTD» (БиЭнДжи Лтд) ЖШС; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «AB Petroleum Capital» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Экологиялық ақпарат беру;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
- Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтары саласындағы заңнаманың қазіргі жағдайы және 2016, 2017, 2018 жылдардағы экологиялық кодекске енгізілген түзетулер;
- Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
- Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары.
Дәріс оқығандар:
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.